Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4 күміс еншіледі

04.12.2021 17:26
Olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған құрлықтық біріншілік Ливан астанасы Бейрутта өтіп жатыр. 

Батыр Аликен (73 кг), Нұржан Бисенов (81 кг), Бақжан Байтас (90 кг) және Диана Тельбаева (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.