Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

20.12.2021 17:39
inform.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2021 жылғы бүкіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтердің соңғы нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының ұстанымдарын ұсынамыз: 

Екінші – орта салмақта Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы ТОП-3 британдық Зак Паркер, АҚШ-тан келген Дэвид Бенавидес және канадалық боксшы Дэвид Лемье. WBO әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Орта санатта Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайма Мунгиядан кейін екінші орында қалды. 

Үшінші – Бразилиялық Эскива Фалькао. Қанат Ислам бесінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. WBO әлем чемпионы - АҚШ-тан келген Деметриус Андраде. 15-орынға табан тіреген боксшы Сұлтан Зәуірбек 14-орынға тұрақтады. Алғашқы үштікті Ұлыбританиядан келген Арчи Шарп, тәжік Мухаммадхужа Якубов пен АҚШ-тан Абрахам Новай құрады. Әлем чемпионы – АҚШ-тың тағы бір боксшысы Шакур Стивенсон.