Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Ташкентте өтті
Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер командасының өкілі Азамат Төлеген Ташкенттегі Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
61 кг-ға дейінгі санатта біздің спортшы алтыдан бес рет әрекет жасап, 262 (112+150) килограмның салмағына тоқталды. Бұл нәтиже оған қоссайыс сомасында «қоланы» қамтамасыз етті.
Бірінші орында Корея өкілі Шин Рок 281 (126+155 кг). «Күміс» үндістандық спортшы Сирумурган Мадхаванның еншісінде қалды – 265 (121+144 кг).