Ольга Рыпакова екінші талпыныста 14,19 метрге секірді
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш рет секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ ӘОСК командасы үшін өнер көрсететін майор Ольга Рыпакова екінші талпыныста 14,19 метрге секіріп, Қазақстан құрамасының қоржынын алтын медальмен толықтырды.
Бұл спорт түрі бойынша күміс медаль 13,78 метрге секірген италиялық спортшы Оттавия Честонароға бұйырды. Үшінші орынды Доминикан Республикасынан келген Анна Хосе Тиме алды. Оның нәтижесі - 13,54 метр.
Жеті жарыс күнінің қорытындысы бойынша, ең көп жүлде алған Қытай. Қазақстан қоржынында екі алтын, бір күміс және бес қола медаль бар.