Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

05.03.2022 18:12
qazaquni.kz

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Алғашқы тур ойындары 5 және 6 наурыз күндеріне белгіленген. Бүгін, 5 наурызда бес команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын елорда уақытымен 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары ойынымен ашылады. Елордадағы ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды. Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» Қазақстан суперкубогының иегері атанды.