Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 000 спортшы қатысады
«Алматы марафонын» өткізуге байланысты 1 қазан күні сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін жарыс өтетін кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.
30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 01 қазан 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) жол жабылады.
01.10.2023 мына бағыттарда көлік қозғалысы шектеледі:
- 7:00-ден 10:40-қа дейін Назарбаев даңғылы (Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін);
Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.
- 7:00-ден 11:10-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін);
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін);
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:00-ге дейін Сайын көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін);
Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.
Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Абай даңғылы (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін);
Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.
Шығыс бағытта балама жол Әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшелерінің бойы.
- 7:00-ден 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін);
Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан даңғылына дейін);
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Сәтбаев көшесі (Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін);
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Шашкин көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін);
Балама жол Марков көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін);
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін);
Балама жол солтүстік бағытта Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытта Манас көшесімен өтеді.
Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:
1.Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
2.Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін;
3.Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
4.Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету;
5.Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;
6.Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін;
7.«Абай» метро станциясына дейін
Оқи отырыңыз: 1 қазанда Алматы марафоны жарысы өтеді