Жеңіске жеткен Нұрмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды
Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нұрмагомедовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Нұрмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.
Жеңіске жеткен Нұрмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.