Жаттығулардан кейін кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың назарына отандық спортшылармен сұхбат ұсынылады
Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылар карантин кезінде онлайн сабақ өткізеді. Сабақ мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетінің және "Сарыарқа" велотрегінің Instagram парақшасында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кестеде гимнастика, бокс, еркін күрес және басқа да спорт түрі бар.
"Біз қазақстандықтарға таңғы сегізден бастап жаттығуға қатысуды ұсынамыз. Бұған дейін мұндай жаттығуды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Бақытжан Қожабеков, джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева жүргізді", - деді спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, көрсетілген парақшалардан 30-31 наурызда сағат 14.00-де дұрыс тамақтану мен тоғызқұмалақ тарихын тыңдауға болады.
Ал сәуірдің басынан бастап қазақ күресі, бокс, велоспорттан сабақтар, коньки спорты мен паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы дәрістер, таэквондо және еркін күрестен сабақтар онлайн түрде өткізіледі.
Жаттығулардан кейін кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың назарына отандық спортшылармен сұхбат ұсынылады.
Мотивациялық табыс жолымен Серік Сәпиев, Василий Левит, Гузель Манюрова бөліседі. Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі әрі жаттықтырушысы Байтақ Тұрсынбаев сұрақтарға жауап береді.