Бұл туралы спортшы twitter парақшасында жазды
Ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ММА-ден кеткенін мәлім етті. Бұл туралы спортшы twitter парақшасында жазды.
«Сәлем, жігіттер, тез арада мәлімдеме жасаймын. Мен «аралас жекпе-жек» деп аталатын спорт түрінен кетуді ұйғардым. Бұрынғы әріптестеріме сәттілік тілеймін» - деп жазды Конор МакГрегор.
ММА талабы бойынша Конордың соңғы ойыны 2018 жылдың қазан айында өтті. Оның 21 жеңісі мен 4 жеңілісі бар. Бұрын жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC чемпионы титулын иеленді.