Қазақстандық теннисшілер алғаш рет «Ролан Гаррос» ширек финалына шықты

06.06.2021 18:51

Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Бублик дуэті голландиялық Весли Колхоф пен Жан-Жюльен Роже жұбын жеңіп, қазақстандық теннис тарихында тұңғыш рет Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды. Осы уақыт ішінде Андрей мен Александр 8 брейк-пойнттың екеуін орындай алды.

Бублик пен Голубев «Ролан Гаррос» ширек финалында Хьюго Нис (Монако)/Тим Пюц (Германия) - Ромен Арнеодо (Монако)/Бенуа Пэр (Франция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, бүгін, 6 маусымда «Ролан Гаррос» кортына Елена Рыбакина шығады. Қазақстандық теннисші америкалық Серена Уильямспен кездеседі.


Теги: спортшы