Қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңде жаттығуға кірісті

29.01.2022 19:18
Владислав Семёнов, НОК Казахстана

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық Олимпиада коитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін таңертең шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері Бейжің мұз айдынында дайындықтарын пысықтады.

Айта кетейік, Олимпиадада шорт-тректен ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.

Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.

Жарыс кестесі төмендегідей:

5 ақпан

Әйелдер, 500 м, іріктеу

Ерлер, 1000 м, іріктеу

Аралас командалық эстафета – финал B

Аралас командалық эстафета – финал А

7 ақпан

Әйелдер, 500 м – жартылай финал

Ерлер, 1000 м – жартылай финал

Әйелдер, 500 м – финал B

Әйелдер, 500 м – финал А

Ерлер, 1000 м – финал B

Ерлер, 1000 м – финал А

9 ақпан

Ерлер, 1500 м – жартылай финал

Әйелдер, эстафета 3000 м – жартылай финал

Ерлер, 1500 м – финал B

Ерлер, 1500 м – финал А

11 ақпан

Әйелдер, 1000 м – жартылай финал

Ерлер, эстафета 5000 м – жартылай финал

Әйелдер, 1000 м – финал B

Әйелдер, 1000 м – финал А

13 ақпан

Ерлер, 500 м – жартылай финал

Әйелдер, эстафета 3000 м – финал B

Әйелдер, эстафета 3000 м – финал А

Ерлер, 500 м – финал B

Ерлер, 500 м – финал А

16 ақпан

Ерлер, эстафета 5000 м – финал B

Ерлер, эстафета 5000 м – финал А

Әйелдер, 1500 м – финал B

Әйелдер, 1500 м – финал А