Батыр Жүкембаев пен Сабриэль Матиас жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

29.05.2021 19:27

Матиастың салмағы 63,3, Жүкембаевтың салмағы 63,4 келі болды

baq.kz

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14-14 КО) пен пуэрто-риколық панчер Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Матиастың салмағы 63,3, Жүкембаевтың салмағы 63,4 келі болды.  

Бұл жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы (63,5 келіге дейін) бойынша 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек.

Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 30 мамырда Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) өтеді.  Ол Қазақстанда тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Жүкембаев спорттық карьерасында алғаш рет АҚШ-та  жұдырықтасады. Бұған дейін ол тек Канадада рингке шыққан.