Зарина финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, тағы бір америкалық Мария Беатриспен таласады
Қазақстандық Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген З. Дияс америкалық Виктория Дювальмен күш сынасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Зарина финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, тағы бір америкалық Мария Беатриспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің жұптық сында Антверпен турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз. А. Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартеннен ұтылып қалды - 6:7, 2:6. Бұл А. Недовесовтің жұптық сында ATP додаларындағы үшінші жартылай финалы еді.