Үндістан Гран-приінің үшінші кезеңі ертең аяқталады
Еліміздің шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінде көш бастап келеді. Ол Нью-Делиде өтіп жатқан доданың тоғызыншы турынан кейін бірінші орында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күні кеше қазақстандық спортшы грузиялық Нана Дзагнидземен тең түсті. Қарсыластарына дес бермеген қазақ қызы дәл қазір 5,5 ұпаймен топ бастап тұр. Бұл жарыста Бибісараның бір рет ресейлік шахматшы Александра Горячкинадан жеңілгені белгілі. Айта кетсек, қазақстандық спортшының алда бір матчы бар, ал ресейлік шахматшы әлі екі матч өткізеді. Үндістан Гран-приінің үшінші кезеңі ертең аяқталады.