Қуат Хамитов қашан үйленетінін айтты

31.12.2020 19:47

Бағдарламада Қ.Хамитов 2020 жылдағы естеліктері мен алдағы жоспарын айтты

Фото: ашық дереккөзден алынды

«Алматы» телеарнасының таңғы ақпараттық-сазды «Таңғы студио» бағдарламасының тікелей эфирінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қашан үйленетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бағдарлама жүргізушілері оның қашан үйленетінін сұрағанда, ол: 

«Мен қазір 2021 жылы үйленемін десем, ертең жаңалық болып кетеді. Сондықтан қашан үйленетінімді айтпай-ақ қояйын, осы жылдың аяғына дейін үйленіп қаламын. Үйленуге асық емеспін, біреуге кездесіп, бас айналатындай сезім болса, аяқасты үйленермін» – деді Қ.Хамитов.

Сонымен қатар, бағдарламада Қ.Хамитов 2020 жылдағы естеліктері мен алдағы жоспарын айтты.