Промоутерлік компания жыл үздігі атағына төрт нокаут ұсынып отыр
Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы атақты Top Rank промоутерлік компаниясының жылдың үздік нокауты номинациясына үміткер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Промоутерлік компания жыл үздігі атағына төрт нокаут ұсынып отыр. Оның ішінде Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион атағы үшін жекпе-жекте британиялық Дэнни Дигнумді жеңген сәті де бар.
Жылдың үздік нокауыты атағына Жәнібектен бөлек жапониялық Наоя Иноуэ, америкалық Эмилиано Варгас және Мухаммед Алидің жиені Нико Али Уолш үміткер атанып отыр.
Айта кетейік, Әлімханұлы биыл қарашада өткен кейінгі жекпе-жегінде британиялық Дензел Бентлиді жеңіп, WBO чемпионы атағын сәтті қорғады.