Жартылай финалда алматылық клуб «Барселонаны» 5:2 есебімен жеңген болатын
Футзалдан Еуропа чемпиондары лигасының жартылай финалында әйгілі «Барселона» клубын жеңген алматылық «Қайрат» финалда Португалияның «Спортингінен» жеңілді.
Алғашқы тайм аса тартысты өтті. Қос клуб та өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен, есепті аша алмады. Бірінде шабуылшылар тепкен дом қақпадан қиыс кетіп жатса, енді бірінде қақпашылар шеберлігімен көзге түсіп жатты.
Дегенмен, португалдық ойыншылар 23-минутта «Қайраттың» осал жерін тауып есепті ашты, гол авторы – Кавинато. Ал, 27-минутта «Спортинг» сапынан Алекс Мерлим мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді.
Екінші таймның орта тұсынан асқанда қазақстандық клуб сапынан Дуглас Жуниор есепті қысқарта алғанымен, теңестіруге «Қайраттың» қайраты жетпеді.
Айта кету керек, «Спортинг» өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпиондар лигасының чемпионы атанып отыр. «Қайрат» болса 2013 және 2015 жылдары бұл шыңды екі рет бағындырған.
«Біз жеңуге тырыстық, бірақ шеберлік жетіспеді. Мен командамды мақтан тұтамын. Олар үнемі өздерін жинақы ұстап, кез келген сәтте шабуыл ұйымдастырды. Лайықты ойнады. Сәттіліктен бөлек аз ғана шеберлік жетіспеді. Бірақ біз мықты қарсыластан жеңілдік, бұл жеңіске бергісіз матч болды», - деді жеңіске бергісіз жеңіліспен ұтылдық «Қайрат» ШФК бас жыттықтырушысы Кака.