Таиландта бокстан турнир: Қазақстан алғашқы медалін жеңіп алды

03.04.2022 22:02
Sports.kz

Қазақстандық Нұрбек Оралбай Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан «Thailand Open» турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол 81 келіде ел намысын қорғайды. Жеребе нәтиежесі бойынша ол алғашқы жекпе-жегін жартылай финалда бастайды. Оған таиландтық Анават Тонгкаток пен Жаңа Зеландиядан келген Оникс Ли жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Сондай-ақ 52 келіде Аятулла Тәкіжанов таиландтық Ситисак Чумкумарнды жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ел құрамасынан аталған салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов таиландтық тағы бір боксшыны тізе бүктірді. Ал 57 келіде Серік Теміржанов филиппиндік Марио Фернандестің осал тұсын тапты. 

Еске салсақ, аталған турнирде олардан басқа аталған турнирде 63 келіде Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, 81 келіде Нұрбек Оралбай, 91 келіде Айбек Оралбай және Сағындык Тоғамбай сынға түсуге мүмкіндік алған.