Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған бокс кешінде Данияр Елеусіновпен жұдырықтасатын қарсылас белгілі болды. Ол мексикалық кәсіпқой боксшы Данте Хардон, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпқой боксшы бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Жекпе-жек 18 желтоқсанға жоспарланған.
Бұл кеште Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) мексикалық Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) ринг төрінде IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы басты чемпион атағы үшін таласпақ.
Дереккөзі: Express Qazaqstan