Қазақстандық шаңғышы Паралимпиада мәресіне бесінші болып жетті

13.03.2022 21:29

Александр Герлиц эстафетаның соңғы 2,5 шақырымын еңсерді

inform.kz

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар аралас эстафетаны бесінші болып аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Александр Герлиц эстафетаның соңғы 2,5 шақырымын еңсеріп, Қазақстан командасын үздік бестік қатарына енгізді.

Айта кетейік, А. Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиадада төртінші рет мәреге «бесінші» болып келіп отыр.

Бүгін Паралимпиадада спорттың үш түрінен жарыстар өтетінін хабарлаған болатынбыз. Жексенбі күні сондай-ақ «Құс ұясы» ұлттық спорт стадионында XIII Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.