Юрий Натаров Tour of Almaty веложарысының жеңімпазы атанды

31.08.2019 21:16
Prosports.kz

Astana Pro Team-нің 22 жастағы веложарысшы Юрий Натаров  «Тур Алматы-2019» тасжолдағы веложарысының  жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші кезеңде ол латвиялық команданың жеңімпазы Данило Челано мен Gazprom - Ruslvelo мүшесі Никита Черкасовты алға оздырып, мәреге үшінші боп келген болатын.

Алайда жалпы сынақта  қазақстандық жас спортшы қарсыластары ресейлік Александра Власова (Gazprom - Ruslvelo) мен  Данил Челанодан (Amora&Vita - Prodir) мықты боп шықты. Жалпы, жарысқа қатысушылар бүгін  «Халық Аренадан» бастап, «Медеу» мұз айдынына дейін 160-шақырым қашықтықы еңсерді.

Кеше жарыстың алғашқы кезеңінің жеңімпазы поляктың CCC Development Team велокомандасының мүшесі Патрик Штох болды.

Айта кетейік, биыл жеңімпаздың сары майкасына әлемнің әр елінен 21 команда қатысты. Ал, Қазақстанның намысын құрамына тек Vino-Astana Motors, Apple Team және ұлттық құрама сынды отандық жарысшылар енген Astana Pro Team кәсіби клубының өкілдері қорғады. Жарыстың екінші кезеңін аудиториясы 60 миллионнан асатын «Qazsport», «Алматы» және «Евроспорт» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.