Алматыда футбол ардагерін еске алуға арналған турнир өтті

Алматыда футбол ардагерін еске алуға арналған турнир өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда футбол ардагері Олег Печеникті еске алуға арналған балалар арасындағы футбол турнирі өтті. Жарыста жалпы алматылық 8 команда сайысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл спорт додасы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Келесі жылдан бастап, жарыс республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ.

Аладоп бәскесіне қатысқан өрендер – республикалық және халықаралық жарыстар да топ жарып жүрген жеткіншектер. Бұл жолы Алматыдағы ең мықты деген балалар арасындағы 8 команда қатысты. Қазақ футболының ардагері Құралбек Ордабаев Футбол ардагері Олег Печеникті еске алуға арналған аяқдопшылардың аламанында топ жарған жігіттердің болашақта ұлттық құрама командасына ілігетінініне сенімді.


«Келешегі бар бұл жас футболшылар ертеңгі күні осы «Қайрат» футбол клубы немесе басқа футбол клубтарының жақсы ойыншысы болады деп есептеймін. Мүмкін, осылардың ішінен 4-5-уі ұлттық командаға ойнайтын болса, нұр үстіне нұр үстіне нұр болады», – дейді қазақ футболының ардагері Құралбек ОРДАБАЕВ.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қайрат-1» футбол командасы бас жүлдені иеленсе, күміс медаль «СТС» тобының ойыншыларына бұйырды. Ал қола Jeyran-ның еншісінде.

Жарыс деңгейі жылдан жылға жоғарылап келеді дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, бәсекелестік бар жерде доданың қыза түсені жасырын емес екенін алға тартады. Кубокқа қол жеткізгісі келген командалардың өзара қызу ойынына ардагер футболист Олег Печениктің туған-туыстары ұйытқы болды.

«Олегтің 2-3 сыныптан бастап футболға қызығушылығы болды. Алғашқы жаттықтырушысы Виктор Катков. Ол көптеген командаларда ойнады. Жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Аулаларда балалар үшін тегін шеберлік сабақтарын өткізетін. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде «мен стадион директоры боламын» деп айтатын. Уақыт өте сол арманына жетті», – деп еске алады Олег Печениктің анасы Галина ПЕЧЕНИК.

«Олег Печеник қазақ футболына көп еңбек сіңірді. Футболшы ретінде барлық кезеңнен өтті. Шеберлер командасында қазіргі отандық футбол инфрақұрылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ел футболының ертеңі жарқын болсын десек, балалар арасында осындай жарыстарды көптеп ұйымдастыруымыз керек», – деді КСРО спорт шебері Виктор КАТКОВ.

Қоғам қайраткері, қазақ футболының ардагері Олег Печеникті еске алуға арналған турнир қалалық ауқымда осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Бастамашылдар, енді келесі жылдан бастап оны республикалық деңгейде өткізуді көздеп отыр.


Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров