Аталмыш маманмен келісім екі жылға жарамды
Сербиялық маман Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі футбол клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
«Срджан Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибесі бар. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық «Каспий», бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды», делінген хабарламада.
Аталмыш маманмен келісім екі жылға жарамды.