Шара Алматы спорт ұйымы мен Алматы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған
Турнирге 25 оқу орнынан команда қатысуға ниет білдірдірген. Алматы спорт ұйымы мен Алматы әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері командалық рухты көтеруге, бірлікте болумен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға қатарластарын шақырады. Тіпті осы тұста оларға ауа райының қолайсыздығы да кедергі болмапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алдағы уақытта оқушылар, студенттер, үлкендер арасында футболдан, волейболдан, баскетбол, арқан тарту, асық артудан турнирлер ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, ертең басталатын теннистен халықаралық чемпионатқа барлықтарыңызды шақырамыз. ТМД елдерінен спортшылар жиналатын шарада біздің командаға қолдау көрсетіңіздер», – деді ұйымдастырушы Фарид МУЛАШЕВ.