Қазақстандық Карина Жұмажанова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында Ыстанбұлда мәреге жеткен төртінші санаттағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Карина франциялық Марго Фанталамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары - мысырлық Мариам Ибрахим, малайзиялық Сун Ян Танмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-франциялық жұп тартысты бәсекеде 3:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Карина Жұмажанова жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда норвегиялық Эмилия Лундеге есе жіберді – 5:7, 3:6.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Эйс» теннис орталығында «Almaty Masters 10&Under» турнирі аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 70-тен астам балғын теннисші қатысты.
Қыздар арасында финалда талдықорғандық Айым Қанағатованы жеңген алматылық Әдемі Әлсейпулова чемпион атанды. Үшінші орын елордалық Полина Лазаренкоға бұйырды.
Ұл балалар арасында соңғы сында елордалық Болатжан Нұрдәулетті сүріндірген өскемендік Югай Лев үздік шықты. Қарағандылық Темірлан Жантеміров қола жүлдеге ие болды.