Бокстан "Странджа" турнирі: Сабырхан Махмұд алтын медальға таласады

Бокстан "Странджа" турнирі: Сабырхан Махмұд алтын медальға таласады
Махмұдтың финалдағы қарсыласы – болгариялық Радослав Ясенев
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» турнирінің финалына шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҰОК мәліметінше, 51 келідегі Дамир Әбдіқадыр жартылай финалда ресейлік Володя Мнацаканянды 5:0 есебімен ұтты. Финалда ол өзбестандық Хасанбай Досматовпен кездеседі.

54 келідегі  Сабырхан Махмұд болгариялық Даниэл Асеновті айқын басымдықпен жеңді. Махмұдтың финалдағы қарсыласы – болгариялық Радослав Ясенев.

67 келідегі Дулат Бекбауов ресейлік Алис Шафировті 3:2 есебімен ұтты. Ақтық сында Бекбауов даниялық Николай Тертерянмен жұдырықтасады.

86 келідегі Сағындық Тоғамбай ресейлік Вадим Щеблыкинді жеңді. Турнирдің алтыны үшін өтетін жекпе-жекте Сағындық украиналық Сергей Горшковпен кездеседі.

Өкінішке қарай, Санжар Тәшкенбай (48 келі), Абзал Серік (63,5 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (+92 келі) жартылай финалда ұтылып, турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Новости партнеров