Теннис: 14 жастағы Зара Дәркен Еуропада үздік шетелдік ойыншы атанды

04.12.2021 23:19

Ақтөбе облысының түлегі Зара Дәркен биылғы маусымда үздік 20 ойыншының қатарына кірді

ktf.kz

Қазақстандық Зара Дәркен 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығының 2021 жылдағы үздік шетелдік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының түлегі Зара Дәркен биылғы маусымда үздік 20 ойыншының қатарына кірді. Турнирлерде жекелей және жұптық сында бір реттен жеңімпаз атанды. Үш дүркін финалға дейін жетті. 

«Жылдың үздік ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін жоғары баға. Жыл бойы жарыстарда бар күшімді салдым. Маған үлкен қолдау көрсеткені үшін бапкерлерім мен Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтамын. Келесі жылы да биіктен көрінуге тырысамын», – дейді Зара Дәркен.