Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрге 60 рет нысана көздеуден қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Ол 235.1 ұпай жинаған.
Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.
Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.