Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен матч кезінде есінен танып қалды

13.06.2021 15:21

Матч бүгін сағат 12.00-ге ауысты

Reuters

Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен EURO-2021 турнирінің топтық кезеңіндегі Финляндияға қарсы матчта есінен танып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Ойынның 42-минутында Эриксен құлап қалды. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін футболшыны алаңнан алып кетті.

Матч уақытша тоқтатылды. Кейін Желіде Эриксеннің ес жиғаны түсірілген сурет пайда болды.

Артынша желі қолданушылары футболшыны жедел жәрдем көлігі стадионнан алып бара жатқан кезінің видеосын жариялады.

Көп ұзамай УЕФА футболшының жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

«EURO-да Финляндия құрамасына қарсы матчта есінен танып қалған Эриксен ауруханада, оның жағдайы тұрақталды», – делінген хабарламада.  

Матч бүгін сағат 12.00-ге ауысты.