Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

abiba48/instagram
abiba48/instagram

Ол 48 келіде 5528 ұпаймен рейтингте 4-орында тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абиба Әбужақынова әлемнің ең үздік бес спортшысының қатарына кірді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде үздік үштіктен көрінген еді. Осылайша, Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды. Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде ол әлемнің ең үздік бес спортшысы қатарында.

Абиба Әбужақынова 48 келіде 5528 ұпаймен рейтингте 4-орында тұр. 

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхуу 7226 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орында Италия спортшысы Ассунта Скутто 6212 ұпаймен үшінші орында Париж олимпиадасының чемпионы Нацуми Цунода 5550 ұпаймен тұр.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті

Новости партнеров