Қырғыз балуаны – халықаралық аренада ең тұрақты және мықты спортшылардың бірі
Қырғыздың балуан қызы Айсұлу Тыныбекова күрес тарихында Азия чемпионаттарындағы ең көп жүлдеге ие болған әйел спортшы ретінде тарихқа енді. Оның еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қырғыз балуаны – халықаралық аренада ең тұрақты және мықты спортшылардың бірі. Ол қырғыз әйелдер күрес мектебінің жоғары деңгейін дәлелдеп, ел спортында ерекше орынға ие болған.
Тыныбекова 25-30 наурыз күндері Иорданияда өтетін Азия чемпионатына қатыспайды. Ол Париж Олимпиадасынан кейін қайта бозкілемге шықпады.
Спортшы Токио және Париж олимпиадаларында күміс және қола медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, ол әлем біріншіліктерінің үш дүркін чемпионы атанған. 1993 жылы туған балуан 2012 жылдан бері Олимпиада ойындарына 4 рет қатысты. Лондон ол іріктеу кезеңдерінде сүрінсе, Рио Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.
Париж Олимпиадасынан кейін балуан өз елінде күрес федерациясының лауазымды қызметке бекітілді. Сондай-ақ, Тыныбекова тұрмысқа шығып, көпшілік назарын өзіне аударды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!