Орал қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты басталады
Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы, белгілі парадзюдошы Ақмарал Науатбек Оралда жасөсіпірімдер арасында өтетін ел чемпионаты кезінде тікелей эфирде комментаторлық қызметті өз міндетіне алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің дзюдо федерациясы хабарлаған.
"26 қаңтар күні Орал қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты басталады. Чемпионатты менімен бірге ҚР дзюдо федерациясының ютуб арнасында тікелей эфирден тамашаласаңыздар болады. Мен сіздер үшін комментаторлық қызмет атқарамын. Бұл мен үшін жаңа бағыт. Сондықтан мені және спортшыларды қолдаңыздар", - деді Ақмарал Науатбек.
Айта кетейік, Паралимпиадада 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек барлық кездесуінде жеңіске жетіп, Франция астанасынан олжалы оралған болатын. Белгілі спортшы елге келгеннен кейін Үкімет басшысы қабылдап, тиісті марапаттарды табыстады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!