Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Біріншілікке еліміздің 17 облысы мен 3 қаласының үздік спортшылары қатысып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Біріншілікке еліміздің 17 облысы мен 3 қаласының үздік спортшылары қатысып жатыр. Сайыс 2 наурызға дейін жалғасады. Жарыста бақ сынасатын 385 боз кілем шеберінің тек 10-ы халықаралық турнирлерде, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.  

«Әр командадан 20 спортшы, барлығы 385 спортшы қатысып жатыр. Жарысымыз еркін күрестен екі күнге созылады, одан кейін қыздар күресі, грек-рим күресі жалғасады. Балуандар 52, 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125 килограмм бойынша 10 салмақта өнер көрсетеді», - деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаев.  

«Қазір мен 97 килогармда күресемін. Жұбаныш белдесуді өтіп болдым. Енді 3-орынға таласуға бар күшімді саламын. Осы жарыс Алматыда өте жақсы өтіп жатыр. Бұйыртса, 3-орынмен кетемін деген ойдамын», - дейді балуан Ерасыл Сайран.  

Оқи отырыңыз: Алматыда конькимен жүгіруден Қазақстан кубогы аяқталды

Новости партнеров