Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды

02.02.2025 11:06

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті

Көрнекі фото: bridgerskifoundation.org

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді", - делінген хабарламада.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық спорт қауымдастығының президенті сайланды