Баян Жалынқызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген
Қытай құрамасының атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Баян Жалынқызы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (5 км, еркін стиль) бірінші орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Баян Жалынқызы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай округінің Жеменей ауданында дүниеге келген. Бұл өңір қыстық спорт түрлерімен және этникалық қазақтардың көп шоғырлануымен танымал.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Самғар Серік Азиа ойындарында шаңғы спортының спринт бағдарламасында қола жүлдегер атанды. Ол мәре сызығын төртінші болып кескенімен, екінші келген жапон шаңғышысы жарыстан шеттетілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан тұңғыш рет Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды