Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды

29.03.2025 10:32

Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады

instagram.com/zhamila.bakbergenova

Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.

Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.

Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: қазақстандық Жәмилә Бақбергенова финалына шықты