Азия ойындары: Қазақстан керлингтен екінші жеңісіне қол жеткізді

12.02.2025 14:34

Ұлттық құрама 6:3 есебімен жеңіске жетті

Immo Wegmann / Unsplash

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

12 ақпанда қазақстандық спортшылар Қырғызстан құрамасымен кездесті. Кездесу толық жеті эндке созылды.

"Нәтижесінде ұлттық құрама 6:3 есебімен жеңіске жетті", - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс, екі жеңіліс бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда бокстан халықаралық жарыс өтуде