Команда жартылай финалға жолдама алды
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.
Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды.
Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады.
"Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды", - делінген хабарламада.
Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.
Оқи отырыңыз: Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!