Бокстан Бразилияда өтетін Әлем кубогына кімдер қатысады

25.03.2025 11:06

Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді

Bogdan Yukhymchuk / Unsplash

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

World Boxing ұйымының аясында өтетін турнирде еліміздің намысын келесі боксшылар қорғайды:

- 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғарұлы

- 55 келіге дейін – Нұрсұлтан Алтынбек

- 60 келіге дейін – Талғат Сырымбетов

- 65 келіге дейін – Алмат Абдуәлі

- 70 келіге дейін – Дархан Дүйсебай

- 80 келіге дейін – Диас Молжігітов

- 85 келіге дейін – Дәулет Төлемісов

- 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай

Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.