Дастан Сәтпаев «Челси» клубына ауысты

10.02.2025 16:01

2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды

Almaty.tv

Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. 

Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. 

Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Оның жетістіктері:

  • QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас
  • QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы
  • Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан
  • УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас
  •  2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.