Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

27.10.2024 10:00

Финал 27 қазанда өтеді

uww.org

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұқан Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңіске жетті", - делінген хабарламада.

Оның қарсыласы ресейлік Шамиль Гаджалиев болды. Кездесуде Ризабек 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Финал 27 қазанда өтеді. Балуанымызға қарсы Махди Морафа (Иран) шығады.

Сонымен қатар финалдық блокта Алан Оралбек (57 келіге дейін) өнер көрсетеді. Ол қола жүлдеге таласады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді