Қазақстан құрамасы Италия құрамасын 3:1 есебімен ұтты
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында командалық есепте тарихи қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі SPORT+ басылымына сілтеме жасап.
Әлем чемпионатының қайталау финалында Қазақстан құрамасы Италия құрамасын 3:1 есебімен ұтты.
Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан «В» тобына енді. Бірінші айналымда команда Францияны 4:1 есебімен сенімді түрде ұтқанымен, екінші айналымда жеңіліп қалды (Оңтүстік Корея – 2:3). Оңтүстік кореялықтар финалға шыққандықтан, Қазақстан қайталау кездесулері арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Испания мен Алжирді 3:0 есебімен жеңген отандық команда Италиямен кездескен үшінші орын үшін шешуші кездесуге шықты.
Оқи отырыңыз: Асу Алмабаев UFC-тегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті