Байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты
Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы әлем кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Қалмырзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.
Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.
Оқи отырыңыз: Қазыбек Нөгербек Франциядағы шахмат турнирінде қола жүлде жеңіп алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!