Турнир дәстүрлі түрде ең үздік спринтерлер арасында өтеді
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal ірі турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 100 метр қашықтықта қарсыластарына дес бермеді.
«Финалда Евгений Кошкин польшалық Марек Кания мен америкалық Джордан Штольцты артқа тастап, бірінші орынға ие болды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл турнир дәстүрлі түрде ең үздік спринтерлер арасында өтеді.
Оқи отырыңыз: Жаңа рекорд: Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексерді