Бүгінге дейін қос командада 16 трофей болған
"Астана" қазақ футболындағы трофей саны бойынша рекордсмен атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан лигасы кубогының финалында "Астана" "Жеңісті" қосымша уақытта (2:0) ұтып, алғаш рет өткізілген бұл турнирдің жеңімпазы атанды.
"Осылайша, елордалық команданың қоржынында қазір 17 жүлде бар: Қазақстан чемпионатында жеті жеңіс, Суперкубокта алты жеңіс, ел кубогында үш жеңіс және бір Лига кубогы. Бұл көрсеткіш бойынша "Астана" "Қайратты" басып озды", - делінген хабарламада.
Бүгінге дейін қос командада 16 трофей болған.
Еске сала кетейік, қарашаның басында алматылық клуб Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль иеленді