Әли Әлиев бұған дейін бірнеше клубты басқарған
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 44 жастағы Әли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тимур Сисенов айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sportarena.kz-ке сілтеме жасап.
"Жігіттер маған ұлттық құраманы Әли Әлиев басқаратынын айтты", - деді Сисенов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Әли Әлиев - бұрынғы қазақстандық футболшы және жаттықтырушы. Қазақстан чемпионы, Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Бұған дейін ол "Қызылжар", "Шахтёр Қарағанды", "Астана-Жас" және "Жеңіс" клубтарын басқарған.
Әзірге Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпаратты ресми растаған жоқ.
Айта кетсек, 27 қаңтарда Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен тараптардың өзара келісімі бойынша кеткені белгілі болды. Ол команданы 2024 жылдың маусымынан бері басқарып келді. Оның жетекшілігімен команда УЕФА Ұлттар лигасында алты ойын өткізіп, Норвегия құрамасымен тең түсіп, бір ғана ұпай жинаған болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық мергендер маусымды Азия кубогы кезеңінен бастайды