Олардың қатарында АҚШ, Куба, Болгария мен Франция сынды бірнеше елдің өкілі бар
Алматыда кәсіпқой күрес лигасының сегізінші халықаралық турниріне 11 елден 20-дан астам спортшы келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың қатарында АҚШ, Куба, Болгария мен Франция сынды бірнеше елдің өкілі бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстандағы күресті дамыту үшін маңызды оқиға саналатын сайысқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуы - еліміздің беделін арттырады.
"Мен қазақстандық күрес қарқынды дамып келеді деп нақты айта аламын. Бұл елде сөзсіз, күреске деген махаббат пен түсінік бар. Менің ойымша, күрес деңгейі күннен-күнге өсіп келеді", – деді Ресей Күрес федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Тигран Аванян.
Айта кетейік, аталған турнирде 86 келі салмақта бақ сынаған Азамат Дәулетбеков жанкүйерлерді қуантты. Жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Беларусь балуаннан 4:0 есебімен басым түскен ол мұндай кәсіпқой күрес лигасына үшінші рет қатысыпты. Бозкілем шеберінің есебінде екі жеңісі мен бір жеңілісі бар.
"Соңғы уақытта олар Айбада, тауда дайындалып келді. Дайындығы өте жақсы өтті, ешқандай жарақат жоқ. Қазіргі уақытта ол Азия біріншілігіне дайындалып жатыр", – деді ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Ниязбеков.
Оқи отырыңыз: Бокстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде 21 медаль алды