Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады
3 сәуірде Қарағандыда күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады.
«5 сәуірде әйелдер арасындағы жарыстар басталады. Ал 6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін бақ сынайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де басталады.
Жастар чемпионатынан кейін, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.
Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке жеккен 9 адамға сот үкімі шықты