Турнир барысында жерлестеріміз 35 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жетті
Бірнеше жылдық үзілістен кейін ұлттық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел қоржынына үш алтын, екі күміс және бір қола медаль салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл көрсеткіш – Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік аренадағы орнының нығайғанының белгісі. Бұған дейін әйелдер құрамасы 2016 жылы елордада өткен әлем біріншілігінде 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алған еді.
Отандық боксшылардың жетістігі:
Биылғы додаға Қазақстан толық құраммен қатысты. Турнир барысында жерлестеріміз 35 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жетті.
Алтын медаль иегерлері:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назымды әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтап, оған зор табыс тіледі.
"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербиядағы әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деді Президент.
Күміс жүлдегерлер:
Қола жүлде:
Чемпионаттағы ерекшеліктер:
Жалпыкомандалық есеп
Қазақстан бұл чемпионатта жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
1-орын: Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
2-орын: Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
3-орын: Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
Бұл чемпионат қазақстандық спортшылардың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сербиядағы тарихи жетістік – алдағы жарыстарға тың серпін беретін маңызды кезең.
Оқи отырыңыз: "Ордабасы" футбол клубының капитаны қанша жалақы алады