Топтық кезеңнің үшінші матчында спортшыларымыз Қатар құрамасымен кездесті
Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.
"Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.
Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті